Туроператорлар 11 қазаннан бастап лицензиясын қайта ресімдеуі тиіс

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 17:28 Павел Михеев / zakon.kz
Лицензиарлар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары.

2021 жылғы 11 қазаннан 2022 жылғы 4 қаңтарға дейін барлық қазақстандық туроператорлар лицензиясын қайта ресімдеуі тиіс. Осылайша, олар ішкі және сыртқы туризм кәсіпорындарына бөлінеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Атамекен" ҚР ҰКП ақпараты бойынша, лицензия алу үшін туроператорлық қызметтің қандай түрі болғанына қарамастан үш шартты орындау қажет.

  • Бірінші – туристік өнімнің болуы.
  • Екінші – компанияда туристік білімі және кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір қызметкердің болуы.
  • Үшінші – меншік құқығындағы немесе басқа негіздегі кеңсеге арналған үй-жай.

Сыртқы туризмінің туроператорлары үшін банктік кепілдік беру шарты қажет.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету www.elicense.kz порталында жүзеге асырылады.

Лицензияны алу және қайта ресімдеу үшін:

"Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу керек, содан кейін "Электрондық лицензиялау" порталы ашылады. Алгоритмі мынадай:

  1. Жүйеге кіру немесе "Электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
  2. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысу және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басып, қажетті қызмет түрін таңдау және "бұдан әрі" батырмасы басу.
  3. Қажетті деректерді көрсету, өтінішті толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою.

Берілген өтініштің мәртебесін "Жеке кабинетте" "Менің өтінішім" бөлімінде бақылауға болады. Рұқсат алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарлама алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен білуге болады.

Лицензиарлар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: