Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мүгедектік бойынша министрлер мен әкімдердің штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау ережесі бекітілді

Қазақстанда мүгедектік бойынша министрлер мен әкімдердің штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау ережесі бекітілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2024 11:30 Сурет: freepik
Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 12 шілдедегі бұйрығымен мүгедектік мәселелері бойынша министрлердің, аудандардың, қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнаулы орта немесе жоғары білімі, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласында кемінде 5 жыл кәсіби және (немесе) қоғамдық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде кемінде 2 жыл тұрақты тұратын, жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кеңесші болып тағайындалады.

Кеңесші өз қызметінде министрлер мен әкімдерге (басшылығына) есеп береді.

Кеңесші лауазымына кандидат:

  • мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, азаматтық қызметші, судья;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы;
  • белгіленген заңды тәртіппен сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған;
  • психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұрған болмауға тиіс.

Кеңесші лауазымына кандидат министрлер мен әкімдерге келесі құжаттарды көрсетеді:

  • ерікті нысандағы өтінішті;
  • жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін);
  • білімі туралы құжаттың, сондай-ақ оқудан өткенін, оның ішінде қысқа мерзімді курстардан өткенін куәландыратын құжаттың, оқуды аяқтау, біліктілікті арттыру туралы сертификаттың немесе куәліктің, ғылыми дәрежелер және (немесе) атақтар беру туралы құжаттың көшірмесін;
  • өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызмет туралы мәліметтерді;
  • ақпараттық жүйелерден мынадай анықтамаларды талап етуге оның жазбаша келісімі арқылы алынатын соттылығының, психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылыстарының болуы не болмауы туралы мәліметтерді ұсынады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде кеңесші лауазымына кандидат осы құжаттарды дербес қоса береді.

Кеңесшіні тағайындау кеңесші лауазымына кандидат құжаттар мен мәліметтерді ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Кеңесшінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Бір адам қатарынан екі реттен артық кеңесші бола алмайды.

Кеңесші өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

Кеңесші келесі жағдайларда өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатады:

  • жеке бастама жасаған;
  • сот оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
  • сот оны хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған;
  • ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде дұрыс емес ақпарат анықталған;
  • соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
  • бірінші басшының кеңесші қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу негізінде айқындалған функционалдық міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
  • мемлекеттік, азаматтық қызметке кірген, судья болып тағайындалған;
  • өкілеттік мерзімі аяқталған;
  • қайтыс болған жағдайда.

Бұйрық 2024 жылғы 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: