Ақмола облысында мекеме 1 дәптерді 95 мың теңгеге сатып алмақ болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Ал 1 дәптердің орташа нарықтық бағасы - 60 теңге.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов онлайн-брифинг барысында бағаны көтеру және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасау үшін қолайлы орта болып табылатыны ешкімге құпия емес, жыл сайын осы салада мыңдаған заң бұзушылықтар анықталады. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін Департамент "сатып алудың бірыңғай терезесі" порталы арқылы мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізеді, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті ұсынымдар жолданады, - деді Арман Рахимов.

Осылайша, жыл басынан бері мониторинг шеңберінде Департамент енгізген ұсынымдардан кейін сатып алуға жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жоғары бағаларды төмендету арқылы 1 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді.

Мысалы, Ақмола облысындағы аудандық білім беру мекемесі 14 250 000 теңгеге немесе бір данасын 95 мың теңгеге дәптер сатып алуды жоспарлаған. Ал 1 дәптердің орташа нарықтық бағасы - 60 теңге. Департаменттің уақтылы араласуының арқасында сатып алу тоқтатылды және бюджет қаражаты үнемделді. Мекеменің түсіндіруі бойынша, дәптерлердің бағасының белгіленген бағадан жоғары болуына бағдарлама әкімшісі мемлекеттік сатып алу порталында ақпаратты толтыру кезінде жіберген қателігі себеп болған.

Сондай-ақ, "Еңбек – Көкшетау" ШЖҚ РМК филиалы мемлекеттік сатып алу арқылы жалпы сомасы 6 миллион теңгеге немесе 1 кг үшін 200 теңгеге сұлы сатып алмақшы болған. Ал сұлының нарықтық бағасы-90 теңгені құрайды. Осылайша Департаменттің уақтылы араласуының арқасында мемлекеттік сатып алуда ұсынылған баға төмендетіліп, 3 миллион теңгеден астам қаржы үнемделді.

Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік қызметтің басшысы ақмолалықтарды бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау аясында белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз