Жаңалықтар тізбегі
0

Талтайып келіп, қия салады! Жарыққа жарымаған Түрксіб тұрғыны үстіне керосин құйды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2021 05:23 zakon.kz
Мұндағы халық төлеген ақшаны саяжайдың бұрынғы төрағасы "жеп" қойған көрінеді. Оның үстінен қылмыстық іс те қозғалған.

Алматы облысында Түрксіб саяжайының бұрынғы төрағасы тұрғындардың жарыққа төлеген 4 миллион теңгеге жуық ақшасын қалтасына басып қалған. Осылайша қарыз болып шыға келген ауылдың сымын қиюға жауапты компания өкілдері келгенде түрғынның бірі үстіне керосин құйып жіберіп, өзін өртемекші болды, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Халық деген шулап. Тіпті көршіміз үстіне керосин құйды, өзімді жағамын деп!

Электр жарығы - Түрксіб саяжай тұрғындарының бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселесі. Өйткені жауапты мекеме тоқ сымдарын қиып кетуді әдетке айналдырған. Соның салдарынан 100-ден астам үй тоқпен істейтін су мен жылудан қағылып, күздің қара суығында дірдектеп отыр.

Төлеген Садықов, Түрксіб саяжайының тұрғыны:

Келеді де, халықты жинамай, төрағаның да хабары жоқ. Келіп, тірекке мініп үзіп кетеді. Бүгін де үзді. Халық жиналып "нұсқаманы көрсет, қандай негізде трансфарматорды ажыратып жатырсың, журналистер келеді" дегеннен кейін барлығын жинады да, қашты. Қосып беріп, кетіп қалды. Төлемді уақтылы жасайтын халық жарыққа аяқ-асты 4 миллион теңгеге жуық қарыз екенін жақында біліпті.

"Барлығына кінәлі ақшамызды жеп қойған саяжайдың бұрыңғы төрағасы", - дейді ұлардай шулаған тұрғындар. Ол қарашаның тарифке төлеген қаражатын қалтасына басып, әп-сәтте орнын босатқан көрінеді.

Қайыржан Аймұғамбетов, Түрксіб саяжайының уақытша төрағасы:

Кейіннен келді, бір жылдан кейін. Маған: "4 миллион теңге қарызды сен жаққансың, сен осының барлығын жеп қойғансың" - дейді. "Онда соттасайық, әділ шешсін" - дедім. Мен бүткіл тұрғындардың түбіртегін үйде сақтап қойдым. Ол кісіге "бұрыннан келе жатқан нең бар ма" десем, жауап бермейді.

Саяжайлықтарды тұқыртқан мәселесі мұнымен бітпейді. Қаладан алыс орналасқан бұл аймаққа қатынайтын не автобус, не жаяу жүргіншілер жолағы жоқ екен. Бұқара уәжін айтып талай табалдырықты тоздырыпты. Бірақ жергілікті әкімдікке "сендерде шаруам жоқ" деп шығарып салды дейді. Жиналған халықты сырттай бақылап тұрған әкімнің орынбасары кезекті уәдесін беріп құтылды.

Алмас Жамбауов, Жібек жолы ауылы округі әкімінің орынбасары:

Біздің құзырымызда жататын мәселелерді шешеміз. Өтінімге байланысты. Бюджеттен қалай ақша бөлінеді, солай барлығын шешеміз. Біз өтінім береміз. Бірақ мына саяжай бойынша біз өтінім бере алмаймыз.

Өтінімді тек төраға береді екен. Ызаға булыққа тұрғындар саяжайдың бұрынғы төрағасы Ғалия Тойбазарованың үйіне де барды. Шыдамы таусылған тұрғындар қақпаны бұзып кіруге дейін дайын тұр. Есік ашылды. Алайда үйден өзі емес, сөзден шатасқан баласы шықты.

- Ертең келеді. Сол кезде сұрасаңдаршы, аяғына дейін.

- Ертең нешеде келеді?

- Ертең келмейді. Келетін күні бар өзінің.

Ол учаскелік полицияға құдды бір досы сияқты басын изеп, қақпаның ар жағына кіріп кетті. «Үйінде ме, жоқ па?» деп күдіктенген жұрт кері қайтты. Ал тәртіп сақшылары бұрынғы төрағаға қатысты іс қозғалып тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

Оған қатысты қазір ҚК 190-бабы, алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп, тексеру жүргізіледі. Іске қатысты барлық адамдар сұралады. Тергеу нәтижесінде заңды шешім қабылданады. Ұзақ жылдан бері әбден мазасы кеткен тұрғындар бұрынғы төрағасының 4 миллион қарызды өтеп, жазаға тартылғанын қалайды.

Ал жарық қайта қиылса, темір жолды торып, пойыз жолын бөгеуге бекініп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: