Алматыда мас жүргізуші түнде полицейді қағып кетті

zakon.kz zakon.kz
Жүргізуші ұсталды. Полицейлер оның көлікті мас күйінде жүргізгенін анықтады.

Алматыда мас жүргізуші түнде полицейді қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Буран-227" патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде қарсы қозғалыс жолағымен келе жатқан Hyundai автокөлігін байқады. Автокөлік жүргізушісі полицейлердің талаптарына бағынбай, қашпақ болды.

Талғар бағытындағы экологиялық бекетте полицияның аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев құқық бұзушыны тоқтатпақ болғанда ол аялдамастан инспекторды қағып кетті.

Полиция қызметкерінің екі аяғы сынып, ішкі органдары жарылып, жабық бас сүйек-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полковник Манап Саттаров.

Жүргізуші ұсталды. Полицейлер оның көлікті мас күйінде жүргізгенін анықтады.

Аталған факті ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз