Қазақстанда ақша айырбастау орындарының иелеріне талап күшейеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2021 22:39 zakon.kz
Қаулы жобасы 1 қарашаға дейін "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілетін қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, өзгерістер 6-тармаққа енгізілді, онда келесі тұлғаларды қоспағанда, уәкілетті ұйымның (айырбастау пункттерінің) қатысушылары жеке және заңды тұлғалар – ҚР резиденттері мен бейрезиденттері құрылтайшы бола алады делінген.

  • қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл өтпеген уәкілетті ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының бірі, қатысушылары);
  • қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар және қаржы ұйымының ірі қатысушылары (ірі акционері);
  • Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміндегі адамдар.

Сондай-ақ шет мемлекеттердің бірінде немесе оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын олардың аумақтарының бір бөлігінде тіркелген тұлғалар:

Америка Құрама Штаттары (АҚШ Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы, Делавэр штаты және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
Андорра Князьдігі;
Антигуа және Барбуда Мемлекеті;
Багам Аралдары Достастығы;
Барбадос Мемлекеті;
Белиз Мемлекеті;
Бруней Даруссалам Мемлекеті;
Біріккен Танзания Республикасы;
Вануату Республикасы;
Гватемала Республикасы;
Гренада Мемлекеті;
Джибути Республикасы;
Доминика Достастығы;
Доминикан Республикасы;
Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ Аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
Испания (Канар аралдары аумағының бір бөлігінде ғана);
Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
Гайана Кооперативтік Республикасы;
Коста-Рика Республикасы;
Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) Арнайы Әкімшілік ауданының аумақтары бөлігінде ғана);
Либерия Республикасы;
Ливан Республикасы;
Лихтенштейн Князьдігі;
Мавритания Ислам Республикасы;
Малайзия (Лабуан анклавының аумағында ғана);
Мальдив Республика;
Мальта Республикасы;
Мариа аралдары;
Маршалл Аралдары Республикасы;
Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бір бөлігінде ғана);
Мьянма Одағы;
Науру Республикасы;
Нигерия Федеративтік Республикасы;
Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
Палау Республикасы;
Панама Республикасы;
Португалия (Мадейра аралдарының аумағында ғана);
Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
Сейшел Аралдары Республикасы;
Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
Сент-Китс және Невис Федерациясы;
Сент-Люсия Мемлекеті;
Суринам Республикасы;
Тонга Патшалығы;
Тринидад және Тобаго Республикасы;
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (Ангилья аралы, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралдары, Теркс және Кайкос аралдары аумақтарының бөлігінде ғана);
Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;
Филиппин Республикасы;
Француз Республикасы (Француз Гвианасы мен Француз Полинезиясының аумақтары бөлігінде ғана);
Черногория Республикасы;
Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;
Ямайка;

Бұл тізімге мыналар кіреді:

  • қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақша жымқыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген тұлғалар;
  • уәкілетті ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары, оған қатысты Ұлттық банк қолданыстағы лицензияны және лицензияға жарамды қосымшаны (қолданыстағы қосымшаларды) ерікті түрде қайтару себебі бойынша тексеруді аяқтамаған, сол күннен бастап үш жыл өтпеген тұлғалар.

Бұл ретте айырбастау пункттері мен филиалдардың басшысы болып мынадай тұлғалар тағайындала алмайды:

  1. жоғары білімі жоқ;
  2. терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған;
  3. оған қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері).

Сондай-ақ айырбастау пунктінің үй-жайына, жабдығына, персоналына қойылатын талаптар бөлігінде өзгерістер енгізілді (автоматтандырылған айырбастау пунктін қоспағанда), оның ішінде:

айырбастау пунктінің үй-жайын күзетуді ұйымдастыру және орналастыру бекітілген талаптарға сәйкес және қызметін Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар жүзеге асырады;

айырбастау пунктінің операциялық кассасы бейне деректер архивінің резервтік көшірмесін жасауды және архивті жою мен редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құрылғыларда күнтізбелік 180 күн ішінде ақпаратты жазу мен сақтауды қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесімен жабдықталады, бұл ретте бейнебақылау көрінетін аймақта кассирдің жұмыс аймағы мен клиент болады, ал тиісті құрылғылар бейнебақылау үшін кедергілердің болмауын қамтамасыз ететін орындарда орнатылады;

жұмыс орны қағидалардың талаптарына сәйкес, айырбастау операцияларын есепке алуды жүргізуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешенмен не бақылау-кассалық аппаратпен және бағдарламалық қамтыммен, сондай-ақ банкнотты ультракүлгін сәуледе тексеруді (қағаздың люминесценциясын және өзге де бақылауды) және банкнотты магниттік белгілердің болуына тексеруді қамтамасыз ететін ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдармен жабдықталады;

қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша даярлықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде алты ай жұмыс тәжірибесі бар кассир тағайындауы мүмкін.

Бұл ретте айырбастау пункттерінің операциялық кассаларының үй-жайларында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның қызметіне жатпайтын ақша және басқа да заттар айырбастау пунктінің операциялық кассасының үй-жайынан тыс орналасқан арнайы бөлінген бөлмеде немесе шкафтарда сақталады, - делінген құжатта.

Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 000 теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында тіркеледі:

  1. клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі);
  2. клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
  3. клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі;
  4. клиенттің заңды мекен-жайы.

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша 500 000 теңге баламасынан аспайтын сомаға тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі.

Атап өтілгендей, айырбастау пунктінде қолма-қол ұлттық немесе шетел валютасының болмауына байланысты жеке тұлғаға айырбастау операциясын жүргізуден бас тартқан кезде клиенттің талап етуі бойынша айырбастау пунктінің кассирі айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрі мен сомасы, анықтаманың берілген күні мен уақыты көрсетілген еркін нысандағы анықтаманы береді.

Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркеледі.

Қаулы жобасы 1 қарашаға дейін "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: