Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстік Кореяда кісі өлтірген жерлесімізге қатысты тың мәлімет жарияланды

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 05:58 pexels.com
Қаза тапқан да жерлесіміз. Қазір Оңтүстік Кореядағы әкесі ұлының мәйітін 21 қазанда Шымкентке жеткізіп, туған жерінде арулап жер қойнына тапсырмақ.

Оңтүстік Кореяда 22 жастағы отандасымыз қаза тапты. 26 жерінен пышақталған Түркістан облысының тумасын өзге емес, өзіміздің елдің азаматы аса қатыгездікпен өлтірген. Онда да ағайын туысы, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ал, полицейлер келгенде 27 жастағы күдікті оқиға орнында ес-түссіз жатыпты. Тәртіп сақшылары жігіттің ақыл-есін тексеріп, тергеуге алып кеткен. Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға көмек көрсетіп жүрген блогер Самат Ахметовтың сөзінше, марқұм өзінің әкесін "елге алып келемін" деп Сеулге барып, сонда қалып қойыпты. Бұл сұмдық қылмыс Чхонджу қаласында жасалған. Кісі қолынна 22 жастағы отандасымыз қаза тапты. Оны басқа біреу емес, өзінің туысы пышақтап өлтірген. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақыртқанымен, дәрігерлер денесі 26 жерден пышақталған жігітті аман алып қала алмады.

САМАТ АХМЕТОВ, БЛОГЕР:

Пышақ жарақатын алған ҚР азаматы, ол бар болғаны 22 жастағы С. есімді азамат. Түркістан облысының тумасы. Оқиға орнында жан тапсырды. Ал, 27 жастағы А. есімді өзінің жақыны қазіргі таңда Чхонджу қаласының полициясында тергеліп жатыр. Қазір қамауға алынған.

Марқұмның корей жерінде жұмыс істеп, табыс тауып жүргеніне 1,5 жыл болған. Ал, қылмысқа барды деген күдікпен тұтқындалған отандасымыз Чхонджу қаласында 4 жылдан бері еңбек етіп келіпті. Қазір Кореяда қайтыс болған жігіттің әкесі бар. Ол ұлының мәйітін 21 қазанда Шымкентке жеткізіп, туған жерінде арулап жер қойнына тапсырмақ. Қайғыдан қан жұтқан туыстары да оқиғаның қалай болғанынан бейхабар. Бар білетіндері – жігіт, әне-міне елге оралады деп отырған.

ТУРАБАЙ ДАДАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ АТАСЫ:

Ұшақпен әкеледі, бұйырса, 21 қазан Алматыға келеді: сағат 10-да. Не болғанын ешкім білмейді ғой. Тілі жоқ айтатын, тілсіз жатыр. 14-іне билеті бар еді ол баланың. Екеуі сол жерде тұрған, сол үйде тамақ жеген. Сол үйден бірге жұмысқа барған. Ешқандай ақылға сыймайтын нәрсе ғой.

4 жылдан бері Кореядағы мигранттарға жәрдемдесіп жүрген блогер Самат Ахметов күдіктімен сөйлесуге полиция бөлімшесіне барыпты. Бірақ, оның 20 минутта екі ауыз сөз айтуға ғана шамасы келіпті. Онда да мардымды ештеңе айта алмапты. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары да 27 жастағы азаматтан оқиғаның қалай болғанын біле алмай жатыр екен. Кореяның заңы бойынша сол мемлекет аумағында қылмыс жасаған азаматтар өз еліне экстрадицияланбайтын көрінеді.

САМАТ АХМЕТОВ, БЛОГЕР:

Кореяның заңдары бойынша Оңтүстік Корея елінде қылмыс жасаған шетел азаматтары жазаларын осында - Корей елінің заңдарымен өтейді. Бұл азамат өте қатігездікпен адам өлтірген. Сондықтан, ол Оңтүстік Корея елінде өмір бойы қалуы да мүмкін.

Оңтүстік Кореядағы бұл қылмыс жөнінде еліміздің сыртқы істер министрлігі әлі ресми жауап берген жоқ. Бір белгілісі, отандастарымыз жат мемлекет аумағында заңсыз еңбек еткен. Құзырлы органдардың дерегінше, Кореяда 35 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар. Ал, оның 12 мыңға жуығы мигрант есебінде жалданып жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ, Корей түрмелерінде 25 қазақстандық өз жазасын өтеп жатыр екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: