АҚШ Қазақстанға індетпен күреске қосымша 2,4 миллион доллар бөледі

Pixabay Pixabay
АҚШ Қазақстанға 2 млрд доллардан астам қаражат бөлген.

АҚШ үкіметі АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға Covid-19 індетімен күреске көмектесу мақсатында 2,4 миллион доллар бөлетінін жариялады. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі таратты, дейді centralasian.org.

АҚШ елшілігінің мәліметінше, бұл көмек нақты жағдайларға қарай вакцина бөлу, вакцина туралы жалған ақпараттармен күресу, коронавирусқа қарсы зертханаларды күшейту, Қазақстанның вакциналарды жеткізу және пайдалану деңгейін көтеру үшін беріледі.

- Қазақстанға коронавирус індеті басталғалы 6,8 миллион доллар көмек берілді, бұл қаржы соған қосылады, - дейді АҚШ елшілігі.

Елшілік таратқан ақпаратқа қарағанда, АҚШ Қазақстанға 2 миллиард доллар, соның ішінде туберкулез бен СПИД-тің алдын алу, күресу секілді денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 миллион доллардан астам қаражат бөлген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз