АҚШ Камбоджа мен Таиландқа 45 миллион доллар бөледі
Сурет: Zakon.kz
АҚШ президенті Дональд Трамптың бітімгершілік күшті нығайту үшін Камбоджа мен Таиландқа 45 миллион доллар көлемінде көмек көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Al Jazeera мәліметтері бойынша, бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Шығыс Азия істері жөніндегі көмекшісі Майкл ДеСомбре мәлімдеді.
"Америка Құрама Штаттары Камбоджа мен Таиланд үкіметтерінің Куала-Лумпур бейбітшілік келісімдерін жүзеге асыруға және өз халықтары мен аймақтары үшін бейбітшілікке, өркендеуге және тұрақтылыққа оралуға жағдай жасаудағы ұмтылыстарын қолдайды", – деді ДеСомбре.
Оның айтуынша, АҚШ қауымдастықтарға қақтығыстың зардаптарын қалпына келтіруге көмектесу үшін шекараны тұрақтандыру мақсатына 15 миллион доллар, ал өңірді оқ-дәрілерден тазартуға және залалсыздандыруға 10 миллион доллар бөледі. Сонымен қатар Вашингтон Камбоджа мен Таиландқа алаяқтық схемалармен және есірткі саудасымен күрес, сондай-ақ басқа да бағдарлама бастамаларына 20 миллион доллар бөледі.
Бұған дейін Трамп америкалық мұнай компанияларының басшыларын шұғыл жинап, Венесуэла, инвестиция мәселесін талқылағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript