Трамп Греландияға иелік етуде АҚШ күш қолданбайтынын мәлімдеді
Сурет: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамптың Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Гренландия мәселесіне көбірек тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дональд Трамп еуропалық одақтастарын АҚШ-тың Гренландияны иелену бойынша шұғыл келіссөздер жүргізуге шақырды, деп жазады CNN.
"Тек Америка Құрама Штаттары бұл орасан зор жерді мұздың үлкен сеңдерінен қорғап, оны игере алады және оны жақсартып, Еуропа, Еуропа қауіпсіздігі және біз үшін пайдалы ете алады", – деді Трамп.
Ол АҚШ-тың Гренландияны өз бақылауына алуы НАТО альянсын нығайтатынын нақтылайды.
"Сонда ол НАТО-ға қауіп төндірмес еді. Бұл бүкіл НАТО альянсының қауіпсіздігін едәуір нығайтады", – деп атап өтті Трамп.
Дональд Трамп Гренландияны иелену үшін күш қолданбайтынын мәлімдеді.
"Егер мен шамадан тыс күш қолдану жайын шешпесем, біз ештеңеге қол жеткізе алмайтын шығармыз, шынымды айтсам, бізді ешкім тоқтата алмайды. Бірақ мен бұлай жасамаймын. Жарайды. Енді бәрі: "О, тамаша" дейтін болар. Өйткен қазір мен ең маңызды мәлімдеме жасаудамын, өйткені адамдар мені күш қолданады деп ойлайды. Бірақ маған күш қолданудың қажеті жоқ. Менің күш қолданғым келмейді. Күш қолданбаймын. Америка Құрама Штаттарының бар сұрап отырған нәрсесі – Гренландия деп аталатын жер", – деді ол.
Кейін Трамп Гренландияны кеңейтілген келісім шеңберінде емес, АҚШ-тың толық меншігінде қарастыратынын тағы да мәлімдеді.
АҚШ президенті Данияға да сын айтып, оған Гренландиядан бас тартпағаны үшін дүрсе қоя берді. Тіпті, Данияны қасиетсіз деп атап, олардың екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қорғап қалғаны үшін АҚШ алдында қарыздар екенін де еске салды.
Бұған дейін Трамптың Иранға қатысты мәлімдемелерінен кейін мұнай бағасы өсе бастағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript