Xiaomi электромобиль шығармақ

ixbt.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 19:10 ixbt.com
Бұл жоба бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Xiaomi 2024 жылы электромобиль өндірісін бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz қытайлық дереккөздерге сілтеме жасап.

Xiaomi электромобильдерін өндіруге жұмсалатын инвестицияның жалпы көлемі 10 млрд доллар болады деп жоспарлануда.

Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Лэй Цзюньнің айтуынша, бұл жоба бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Ол электромобильдер өндірісі ақылды үйді немесе кеңсені басқару үшін компанияның технологияларын қолдануды қамтитын бұрыннан бар экожүйені толықтыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: