Жаңалықтар тізбегі
0

Түнде майонез қосып нан жейді. Мектеп-интернат дауға қалды

kris.p.almaty.official, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 21:57 kris.p.almaty.official
Өз кезегінде өз шындығын Меркі ауданының әкімдігі түсіндіріп бағады.

Жамбыл облысының Гранитогорск кентіндегі мектеп-интернат ұжымы көмек сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың үндеуі Instagram парақшасында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Қызметкерлердің айтуынша, интернатта әр бос орын 300 мың теңгеге сатылады.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінген ақша шатырды жөндеуге жетпей қалды, балалар тамақ алмайды (түнде нан мен майонез жейді), көмір тек қағаз жүзінде сатып алынады, ғимаратта кенелер пайда болды, биыл қызметкерлер жөндеу жұмыстарын жүргізді, бұған бөлінген қаржы жоғалып кетті, - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, өз шындығын Меркі ауданының әкімдігі түсіндіріп бағады.

Әкімдік мәлімдегендей, пост жарияланғаннан кейін әкім Руслан Нұрсипатовтың тапсырмасы бойынша, тексеру жүргізілді.

10 қазанда жауған жаңбырдан кейін ғимараттың төбесінен №50 бөлмеге су ағып кетті. Кезекшілер бірден тәрбиеленушілерді басқа бөлмеге ауыстырды. Келесі күні шатыр жөнделіп, қалпына келтірілді. Қазір ғимарат іші жылы әрі құрғақ, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі интернат көмір қорымен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Қазір 320 тонна бар. Аталған мектеп облыстық Білім басқармасының қарамағында болғандықтан, қаржы, кадр және басқа да мәселелер бойынша барлық шағымдар тексеріледі.

Әкімдіктің хабарлауынша, бұл видеоның авторы интернат қызметкері емес, тіпті бұл ауылдың да адамы емес көрінеді.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: