Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мектеп директорларының жалақысын есептеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі

zakon.kz/Максим Золотухин zakon.kz/Максим Золотухин
Оның айтуынша, мектеп директорларының жалақысы мұғалімдерге қарағанда төмен болатын жағдайлар көп, бұл өз кезегінде әртүрлі тәуекелдерді тудырады.

Жалақының қазіргі деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер мектептерге басшы болып жұмыс істеуге қызығушылық танытпайды, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазіргі кезде мектеп басшыларына еңбекақы төлеу мәселесі өткір, біз мұны жақсы білеміз. Жалақының қазіргі деңгейінде бәсекеге қабілетті менеджерлер мектепке басшы болып жұмыс істеуге қызығушылық танытпайды. Ал жалпы алғанда, ең үздік мұғалімдер завуч немесе мектеп директоры болуға мүдделі емес. Мұны бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан, әрине, бұл бағытта өзгерістер қажет, - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, мектеп директорларының жалақысы мұғалімдерге қарағанда төмен болатын жағдайлар көп, бұл өз кезегінде әртүрлі тәуекелдерді тудырады.

Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі біздің мектептердің директорларына еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, оның ішінде әртүрлі ұйымдар үшін сыйақыны дифферсификациялау да жатады. Бұл арада айтайын дегенім, біз 40 баласы бар директорға да, 1200-2000 баласы бар директорға бірдей жалақы төленетін жағдайға назар аударту. Әлбетте, мұндайда жүктеме мен жауапкершілік дәрежесі әртүрлі болады. Біз бұл туралы мәселе көтердік, министрлік тиісті шешім дайындап жатыр, - деп түсіндірді Білім және ғылым министрі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: