Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 22:53 ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Ол Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Бақытжан Аманжолұлы Қашақов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бақытжан Қашақов Қазақ-Америка университетінде "Қаржы және несие" мамандығы, Дикинсон мемлекеттік университетінде "Іскерлік әкімшілендіру" мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде "Мехника және технологиялар бакалавры" мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2003 жылы "Терра Холдинг ЛТД" ЖШС директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып бастаған.

Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің Заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші салық инспекторы, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Халықаралық салық салу басқармасының бас сарапшысы, Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің Тұрғын үй құрылысы департаментінің ведомстволық бағынысты қаржы ұйымдарымен жұмыс басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

ҚР Өңірлік даму министрлігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің Құрылыс және қаржы институттарымен жұмыс басқармасын, кейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы экономикалық талдау басқармасын басқарды.

2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: