Сәбина Қиқымова халықаралық турнирде қос-қостан күміс пен қола медаль еншіледі

Көпсайыста Сәбина 74,250 ұпаймен күміс медальді, шеңбер (обруч) мен доп жаттығуларында - қоланы, таяқпен өнер көрсетуде тағы да күміс жүлдені иеленді.
Қазақстандық гимнаст Сәбина Қиқымова көркем гимнастикадан беделді халықаралық турнирде екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды zakon.kz.
15-17 қазан аралығында Хорватияның Загреб қаласында көркем гимнастикадан "Aura cup" халықаралық турнирі өтті. Оған Ресей, Грузия, Италия, Болгария, Украина, Корея, Словения, Ұлыбритания және басқа елдердің гимнасттары қатысты (барлығы - 22 ел). Турнирге Қазақстан атынан алматылық гимнаст, ҚР спорт шебері Сәбина Қиқымова қатысты.
Көпсайыста Сәбина 74,250 ұпаймен күміс медальді, шеңбер (обруч) мен доп жаттығуларында - қоланы, таяқпен өнер көрсетуде тағы да күміс жүлдені иеленді.
Бөлісу
0
Толық оқу