Павлодарда Алаш қайраткерлеріне арналған мурал ашылды

ППУ ППУ
Муралдың авторы жас суретші Лаура Сейтқазинова.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Павлодар педагогикалық университетінде "Алаш" қозғалысының көшбасшылары бейнеленген муралдың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар қалалық әкімдігі өкілдерінің айтуынша, муралдың авторы - 29 жасқа толмаған талантты суретшілер арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбында "Стрит Art" үздік эскиз байқауында жеңімпаз атанған жас суретші Лаура Сейтқазинова.

Павлодар педагогикалық университетінің Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко Павлодар қаласы әкімдігінің өкілдеріне студенттер үйінің ғимаратын муралды бейнелейтін орын ретінде таңдағаны үшін алғысын білдірді. ЖОО 60 жыл бойы еліміздің зияткерлік элитасы – педагогтарды даярлайтын ірі орталық болып табылады.

"Бүгінгі студенттер Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келді. Біздің міндетіміз – Тәуелсіздік үшін күрескендердің мұрасын сақтау және көбейту", – деді Ольга Константиновна.

"Алаш" сыйлығының иегері, ақын, қоғам қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Арман Қани Керекуде ашылған муралдың – өнер туындысы ғана емес, саяси идеологиялық мәні зор көрнекі құрал болып табылатынын айтты. "Алаш қайраткерлерінің жеті бірдей үлкен ірі тұлғасы оқу ордасының аумағында жинақталып берілгені үлкен маңызға ие деген ойдамын. Студент жастарымызға осы жеті ірі тұлғадан қалған ілім-білім жеті жұлдыз сияқты сәулесін шашып тұрады", – деді Арман Қаниұлы.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-10/thumbs/1634712258_vd.png

ҚР Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының жетекшісі, "Шаңырақ" облыстық мәдени орталығының басшысы Жарқынбек Амантайұлы, "Алаш" еліміздің Тәуелсіздігі үшін ғасырдан ғасырға жалғасқан күрес жолындағы ең айшықты кезеңнің бірі екендігін атап өтті.

"Қазақтың болашағы үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, дүниеден баз кешкен арда азаматтардың осынау кескіні біздің шахарымыздың төрінде жарқырап тұруы көңілді тербетпей қоймайды, өйткені Алаш сөзі қашанда бізге жақын, біз үшін ұлық. Құрметті жастар, осы жазылып тұрған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз! Енді ешкімнің алашты, Қорлығына бермейміз!" деген Алаш ұраны – бұл сіз бен біздің ортақ ұранымыз! Алаш туы астында күн сөнгенше, сөнбейміз!", – деді Жарқынбек Амантайұлы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз