Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда коронавируспен күресушілерге арналған екінші мурал пайда болды

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 18:39 Алматы қаласының әкімдігі
Муралдың авторлары — танымал суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов.

Алматыда коронавируспен күресіп жүрген жандарға алғыс білдіретін екінші мурал пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавируспен күресті және одан жаһанды құтқарып қалу әрекетін бейнелейтін ашық бояулы суреттер Төле би және Чокин көшелерінің қиылысындағы үй қабырғасына орналастырылған.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл біздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін жан аямай күресіп жүрген дәрігерлерге, әскерилер және полицейлерге алғыс білдірген екінші мурал екенін жазды.

Муралдың авторлары — танымал суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов. Олардың ойынша, бұл граффити пандемияны жеңетініміздің символы және осынау күрделі кезеңдегі жанкешті еңбектерімізді еске салып тұруы тиіс.

Еске салайық, пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер еңбегіне арналған бұған дейінгі алғашқы муралды Әди Шәріпов көшесі, 118-үйдің қасбетіне суретші Жұмаділ Елукенов бейнеленген болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 18:39

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: