Жаңалықтар тізбегі
0

Жас жігіт "Ақтөбе-Атырау" пойызының жолсерігін ұрды

Көліктегі полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 22:19 Көліктегі полиция департаменті
Атырау облысының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ер адам "Ақтөбе-Атырау" пойызының жолсерігін ұрды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жолаушылар пойызының 51 жастағы жолсерігінен Атырау станциясындағы Желілік полиция бөліміне арыз түсті. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде Мұқыр станциясынан шығарда өзіне таныс емес адамның оған жақындап, дөрекілік көрсеткенін айтты. Ауызша ерегестен кейін жас жігіт жұдырық көтеріп, жолсерікті ұрыпты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Атырау облысының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл бапқа сәйкес екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза көзделген, деп хабарлады Көліктік ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: