Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жас жігіт ұрланған мопедтерді сатып жіберген

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 16:06 Сурет: ҚР ІІМ
Бұл жолы 18 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның 5 бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бары анықталды.
"Жас жігіт қалаға күнде "ақша табу" үшін келетін. Ол қала тұрғындарының үйлерінің ауласында қалдырған мопедтерін аңдып, оларды жол жиегіне ақырындап шығарды. Соңғы ұрлық Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында жасалған: қаскөй сол жерден MS мопедті ұрлап кеткен. Сол күні күдікті қаланың Алмалы ауданында тағы бір ұрлық жасаған. Қаскөй екі көлікті де төмендетілген бағамен сатып жіберген. Тергеу барысында ұрланған мопедтерді сатып алушы анықталды және ұсталды. Көліктер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Барлық эпизодтар ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша бір іс жүргізуге біріктірілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: