Алматыда ұрлық жасады деген күдікпен ерлі-зайыптылар ұсталды

Ұрлық, Алматы, ерлі-зайыптылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 19:39 Сурет: polisia.kz
Алматыда сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде 50 және 52 жастағы ерлі-зайыпты азаматтар екі рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші жағдайда олар Ақсай-2 ықшам ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткен.

"Жақында тағы да біреудің мүлкін ұрлау дерегі тіркелді. Бұл жолы ерлі-зайыпты бөтен біреудің Macbook-ін ұрлап кетті. Оның үстіне екі ұрлық та бейнекамераға түсіп қалған. Ұсталғандар – Алматы облысының тұрғындары, олар өз кінәларын толық мойындады. Ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: