Алматы-1 вокзалында жолаушылардың мазасын алған ерлі-зайыптылар ұсталды

Вокзал, Алматы-1, көліктегі полиция, ерлі-зайыпты, заңсыз бизнес, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 19:30 Сурет: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Алматы-1 станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері теміржол вокзалының аумағында заңсыз бизнеспен айналысқан 48 және 52 жастағы ерлі-зайыптыны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 5 мамырда Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Олар күту залында вокзалдың ресми сервисінен тыс жолаушыларға сақтау камерасы жеке қызметін пайдалануды ұсынған,

Тексеру барысында аталған азаматтардың тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін олар бірден екі бап бойынша, яғни қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу және заңсыз кәсіпкерлік үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


"Сонымен қатар, заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Айта кету керек, құқық бұзушылар дәл осындай әрекеттері үшін бұғын дейін де бір жыл ішінде жауапкершілікке тартылған. Бұл олардың заң талаптарын жүйелі түрде елемейтінін көрсетеді". Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, ағымдағы жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментімен 34 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 2 678 - қоғамдық орындарда тиісу фактісі, 2 405 - алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу, 1 201 - ортақ пайдаланылатын орындарды ластау және 20 - тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу деректері тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: