Тыныш жүре алмайтын жігітті тас басып қалды

видеодан кадр видеодан кадр
Бұл видео қазақстандықтарды үрейлендірді.

Туристке үлкен тас құлаған видео қазақстандықтарды үрейлендірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ролик Казнетте тарап кетті.

Тас туриске құлады. Бұл – әлеуметтік желіде бұрын жарияланған ескі видео. Пабликтердің бірінде бұл Алматы облысында болған деп жазады. Турист тастың түбін шұқып, сосын тас өзіне қарай домалап кетті! Ол тірі қалды ма екен? – деп жазды Instagram-дағы топтардың бірінде.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы облысының Төтенше жағдайлар басқарамасына хабарласты.

Бұл екі жыл бұрын (2019 жылдың жазы) Алматы облысының Текелі қаласында болған. Жігіт аман, қазір Новосибирскіде оқиды, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі осы видеоны түсірген операторға сілтеме жасап.

Ер адам зардап шекті ме деген сұраққа басқарма "жоқ" деп жауап берді. Бұл факті туралы ТЖД және Алматы облысының басқа да мемлекеттік органдарына хабарланбаған екен.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз