Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Жайық пен Сырдарияның экологиялық жағдайы туралы айтты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 17:39 Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Өзеннің таяз болуы экологиялық апат қаупін төндіреді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев екі өзеннің – Жайық және Сырдарияның экологиялық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жайықтың жағдайы өте күрделі. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, бірақ оңай болмайды. Біріншіден, су аздығы. Жыл бойы су аз. Бұған көптеген факторлар әсер етуде. Қазір біздің мамандар ресейлік мамандармен бірге жұмыс жүргізуде. Таяу уақытта біз Жайық өзенінің су тапшылығы проблемалары бойынша бір шешім табамыз, - деді Экология министрлігінің басшысы Сенат отырысында.

Оның айтуынша, зерттеу жұмыстарына қажетті қаражат Білім министрлігімен бірлесіп, мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында бөлінеді.

Сырдария және басқа да шекаралас өзендер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірақ шешім тек қазақстандық тарапқа ғана байланысты емес. Егер Сырдария туралы айтатын болсақ, онда бұл Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен де байланысты. Мен жуырда ғана Тәжікстанда болдым, онда Тәжікстанның су ресурстары министрімен, Өзбекстанның су ресурстары министрімен кездестім, жақын арада - қарашадан кешіктірмей осы жағдай бойынша тағы да келіссөздер жүргіземіз деп келістік, - деп қосты Брекешев.

Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Трансшекаралық өзендер департаментінде Оралдың экологиялық жағдайы туралы айтылған болатын. Бұл мәселе бойынша экологтар да сөз сөйледі. Олар өзеннің таяз болуы экологиялық апат қаупін төндіреді деп санайды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: