Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының қай егу пункттерінде Pfizer екпесі салынады

Алматы ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 20:23 Алматы ӨКҚ
Препаратты жалпы алғанда 30 күнге дейін суық тізбекті сақтай отырып қолдануға болады.

Алматыдағы вакциналау қарқыны туралы ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, олардың ведомствосы ВАК-тан Pfizer вакцинасын қолдану туралы нақты түсінік алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Н. Табынбаев бүгінде Алматыда 137 егу пункті орналастырылғанын, олардың барлығында вакцинация жүргізілетінін атап өтті.

"Үкімет бірінші кезеңде вакцинацияланатын үш басым топты анықтады. 12-18 жас аралығындағы балаларды, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін Pfizer препаратын әкелу жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл вакцинаны мектептерге бару арқылы жүргізуге рұқсат етіледі. Қазіргі уақытта Алматыда осы жастағы вакцинациялауға жататын 174 600 бала бар. Бала емізетін әйелдер – шамамен 67 000, жүкті әйелдер – 20 500. Бізде бұл тізімдер бар. Вакцинация ерікті түрде және ата-аналардың келісімімен жүргізіледі", деді Алматы ҚДБ басшысы.

Сонымен қатар, ведомствода вакцинаны сақтау бойынша нақты нұсқаулар бар. Н. Табынбаевтың айтуынша, Pfizer вакцинасы – 60-90 градус температурада сақталуы тиіс. Бұл әзірлеушілердің басты талабы.

"Ерітілгеннен кейін ампулаларды 2-8 градус температурада сақтауға болады. Препаратты жалпы алғанда 30 күнге дейін суық тізбекті сақтай отырып қолдануға болады, осы уақыт ішінде ол өзінің қасиеттерін сақтайды", деп толықтырды Н. Табынбаев.

Алматы ҚДБ басшысы бүгінде вакцинаның бірінші компонентін 983 267 адам алғанын, екінші компонентін 908 697 қала тұрғыны салдырғанын хабарлады. Ол коронавирусқа қарсы вакциналану денсаулыққа зиянды әрі соңы өлімге апаратын дерттен қорғанудың ең тиімді және жалғыз әдісі екенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: