Алматының "Думан" шағын ауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салынады

Алматының "Думан" шағын ауданында  500 келушіге арналған жаңа емхана салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 11:58 Сурет: Zakon.kz
Жыл соңына дейін Медеу ауданында медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және кеңейту мақсатында 4 денсаулық сақтау нысанын жобалау аяқталады.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.

"Думан" шағын ауданында 500 адам қабылдайтын жаңа емхана салу жоспарланған. "Алатау "ш/а " Алатау" ҚА ғимаратын реконструкциялау, №2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеу, №4 жедел жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу жоспарланған", - деп атап өтті қала әкімі.

№ 2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеуді қаңтар айында бастау жоспарлануда, қалған 3 жоба бойынша құрылыс 2024 жылдың 2 жартысында басталады. Сондай-ақ №10 жедел жәрдем қосалқы станциясының ғимаратын салу үшін жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: