Алматының Алатау ауданында бұзылған екі үйдің орнына жаңа алаң салынады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2022 жылғы желтоқсан айында Алматыдағы "Зерделі" шағын ауданында аяқталмаған екі апатты үй бұзылды. Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев сол жерге жаңа алаң салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала басшысының сөзінше, алаң салу жұмыстары 2024 жылдың 2-тоқсанында басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Бұған қоса, биыл маусымға дейін осы шағын аудандағы 30 үйдің қалған 2-ін нығайту және түзету жұмыстары аяқталады.
Сондай-ақ әкім Алатау ауданында тұрақты су басу орындары мәселесі де шешілгенін атап өтті.
"Қолда бар 18 учаскенің ішінен 16 учаскеде жұмыстар орындалды, қалған 2 учаске бойынша бір ай ішінде аяқталады".Ерболат Досаев
Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, биыл Қарасу көлін механикалық тазарту жұмыстары басталады.
"Бұл көл алғаш рет тазартылып жатқанын атап өткім келеді, жұмысты 2023 жылдың қыркүйегінде аяқтаймыз", - деді әкім.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript