Алматыда суицид жасамақ болған адам видеоға түсіп қалды
видеодан кадр
Қалалық полиция департаменті оның ішімдік ішіп алғанын мәлімдеді.
Алматыда тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Telegram-да жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға Момышұлы мен Райымбек көшелерінің қиылысында орын алған. Ер адам өзіне қол жұмсамақ болып, көпірде отырған.
Қалалық полиция департаменті оның ішімдік ішіп алғанын мәлімдеді.
"Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл оқиғаның себебін анықтап жатыр", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Дайана Тоқберген
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript