Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Алматыда төбелес болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2023 14:07 Сурет: видеодан скриншот
23 ақпан күні сағат 23:00 шамасында Алматының Бостандық ауданында жастар арасында төбелес болды. Бұл туралы 2023 жылдың 24 ақпанында Zakon.kz тілшісіне қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның атап өтуінше, бірнеше патрульдік полиция бригадасы сигналға бірден әрекет еткен.

"Нәтижесінде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін 11 адам ұсталды." Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 293 бабының 2-бөлігі  («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды .


"Төбелестің басқа да мән-жайлары анықталды". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыдағы әл-Фараби даңғылында екі Gelandewagen мен Chevrolet көліктерінің қақтығысы видеоға түсіп қалған. Қалалық полиция жылдам көлік жүргізуді ұнататындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: