Алматыда студенттердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 12:58 Сурет: pexels
Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері жаппай төбелес шығарды. Қалалық полицейлердің Zakon.kz-ке хабарлауынша, төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталады.

Қалалық полицияның хабарлауынша, студенттер 1-курстарға ұйымдастырылатын арнаулы кешті атап өткен. Мереке төбелеске ұластқан. Зардап шеккендер жоқ.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексiнің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелген. Төбелеске қатысушылардың әрқайсы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке тартылады.Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев

Сонымен қатар департаменттегілер толықтырғандай, олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі.

Тамыз айының басында Алматы облысы Ұзынағаш ауылында бір топ жігіт арасындағы қарулы қақтығыс қайғылы аяқталды. Кейін полиция кісі өлтіру себептерін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: