Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жаппай төбелес болды

Алматы, төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 12:00 Сурет: видеодан скриншот
2023 жылғы 28 сәуірде әлеуметтік желіде Алматыда түсірілді деген видео тарады. Онда түнде Розыбақиев пен Ходжанов көшелерінің қиылысында жас жігіттер арасында төбелес болғаны айтылған. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісіне қалалық полициядан хабарлады.

Видео Telegram арналардың бірінде жарияланған еді.


Қалалық полиция департаменті 28 сәуір күні түнгі сағат 12:00-де Розыбақиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

"Жедел басқару орталығының қызметкерлері оқиға орнына полицияның патрульдік экипаждарын жіберіп, құқықбұзушылықты тоқтатып, оқиғаға қатысушылардың барлығын ұстап, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды".Алматы қаласы полиция департментінің баспасөз қызметі

Төбелеске қатысы барлардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: