Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмыссыз жастар санын 5%-ға дейін азайтамыз - Балаева

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 21:40 primeminister.kz
Оның айтуынша, NEET санатындағы жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

ОКҚ брифингінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасы аясында жастарға қандай жағдай қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Балаеваның айтуынша, "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасы аясында жастарға және оның проблемаларын шешуге көп көңіл бөлінеді.

Кемінде 800 мың жас адам тұрғын үй жинақ жүйесімен қамтылатын болады. Оның ішінде, әлеуметтік қызметтерімен миллион адамға дейін қамту, барлық бағдарламалар бойынша жас отбасылар үшін несиелеу үлесін 25%-ға дейін ұлғайту және 1,5 млн жасты бұқаралық спортпен және экологиялық жобалармен қамту бар, - деді министр.

Оның айтуынша, NEET санатындағы жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл жерде біз жұмыспен қамтылмаған жастардың санын 5%-ға дейін төмендетудің нақты міндетін қойып отырмыз, деп түйіндеді ведомство басшысы.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: