Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жұмыссыз жастарды қолдау күшейтіледі

ҚР үкіметі, жұмыссыз және білімсіз жастар, жастар, жастарды қолдау, NEET қолдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 09:39 Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Қазақстан үкіметі NEET санатындағы кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдайтын қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат "білімі жоқ және жұмыссыз" жастармен (NEET санаты) нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды.

  • Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді.
  • Ал Мәдениет және спорт министрлігі жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған мәдени және т. б. іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

Бұдан бөлек, Қаулыда жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін, сондай-ақ жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған.

Бүгінде республикада NEET санатындағы жастардың үлесі 6,3%, бұл – Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Италия және басқа да елдердегі жағдаймен салыстырғанда, төмен көрсеткіш.

Қазақстан үкіметі NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: