Түбіртек бермейтін сатушылар туралы хабарлағандар сыйақы алады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2021 23:29 zakon.kz
Акция 2021 жылғы 20 қазаннан басталды.

Қазақстанда "Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясы өтуде. Бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегінің берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленеді.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Акция 2021 жылғы 20 қазаннан басталды.

"Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет" акциясына кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын болады.

Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен "WIPON CASHBACK" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.

Барлық азаматтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: