Қазақстандағы "Ұлттық рухты" қалыптастыруға 119 млрд теңге жұмсалады

Рухани жаңғыру Рухани жаңғыру
Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы Ұлттық жоба болып өзгертіліп, кейбір бағыттары біраз толықтырылған.

Ұлттық жобаның "Ұлттық рухани жаңғыру" деп аталатын бағытын бүгін министр Балаева таныстырды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 119 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түсінгеніміз, Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы Ұлттық жоба болып өзгертіліп, кейбір бағыттары біраз толықтырылған. Аты өзгергенімен, заты сол күйі, дейді Telegram-дағы каналдардың бірі.

Ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңарту, ұлттық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Жоба 2025 жылға дейін жоспарланған.

Бағдарлама бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Негізгі басымдық жастарға берілген. Оның ішінде Қазақстан қоғамын қазақыландыру мәселесіне жете мән берілмек. Мәселен, жоба аясында TiJi, Nickelodeon каналдарының өнімдері қазақшаға аударылатын болады.

Жалпы, шетелдік контентті қазақшаға аударуды қолдайтындар да, қарсылар да бар. Министрлік "егер отандық сапалы өнімдерімізді шығаратын болсақ, ол үлкен қаражатты талап етеді. Сол себепті бүлдіршіндер көріп отырған каналдарды қазақшалау қажет" деген пікірде. Сондықтан шетелдік телеарналарды келіссөзге шақырып, 800 сағаттық өнімдерін қазақ тіліне аударып көзделіп отыр. Қазір "Қазақфильм" базасында аударуға кірісіп кетті. Жыл аяғында дейін Nickelodeon және TiJi мультфильмдері қазақша сөйлейді деген сөз.

"Ұлттық рухани жаңғыру" жобасының тиімділігі мен пайдасын уақыт көрсетер. Ең бастысы жобаға жауапты орган – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі науқаншылыққа салынып, тәп-тәуір жұмыстың сүйкімін кетіріп алмаса болды. Бұған дейінгі "Рухани жаңғыру" бағдарламасын орындаған кезде жіберген сәтсіздіктерінен сабақ алса екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз