Жаңалықтар тізбегі
0

Жаһандық жылыну салдарынан жаңа індет пайда болуы мүмкін

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 04:30 pixabay.com
Қазірдің өзінде Орталық Американың шыжыған ауылдық аймақтарында, мысалы, Сальвадор мен Никарагуада, ауылшаруашылық жұмысшылары бүйрек ауруларынан өле бастаған.

Климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшылар тобы жаһандық жылыну адамдарды созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ) эпидемиясына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новости сөзіне сілтеме жасаған дәрігерлер созылмалы бүйрек ауруының көбеюі алдағы онжылдықтарда орын алады деп болжап отыр. Себебі алдағы жылдары әлем бойынша температура көтеріледі деп күтілуде. Әсіресе, ауыр физикалық жұмыс істейтін адамдар арасында аталған аурудың арту қаупі жоғары.

Аптап ыстық күндер саны артып, сынап бағаны көтерілген сайын, жұмысшылар, әсіресе, тропикалық және субтропикалық аймақтарда өмір сүретін әлем халқының үштен екісі ыстықтың соғуынан аулақ болуы қиынға соғады. Ыстық соғып, діңкені құрту миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндіреді және кедейлікті төмендетуге бағытталған барлық күш-жігерді жоққа шығарады, - деп хабарлайды агенттік климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) бұрынғы мүшесі Торд Кьеллстромның сөзін келтіріп.

Басылымның хабарлауынша, Орталық Американың шыжыған ауылдық аймақтарында, мысалы, Сальвадор мен Никарагуада, ауылшаруашылық жұмысшылары бүйрек ауруларынан өле бастаған. Сонымен қатар, дәрігерлер Орталық Американың басқа бөліктерінде, Америкада, Таяу Шығыста, Африка мен Үндістанда осындай жағдайлардың көбейіп жатқанын айтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: