Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде Corona-такси деген жаңа қызмет түрі пайда болуы мүмкін

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2020 20:37 zakon.kz
Егер бұл ұсынысты Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствааралық комиссия мақұлдаса, әрине.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқастарға арналған такси пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алексей Цой соңғы уақытта елімізде жедел жәрдем бригадасын шақырушылар саны 1,8 есе артқанын атап өтті. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтанда 2-2,5 есеге өскен. Соның салдарынан бұл медициналық қызмет сұранысты дер кезінде қанағаттандыра алмады.

- Қазіргі уақытта 807 отандық жедел жәрдем машиналарын сатып алу бойынша келісімшарттар жасалып жатыр. Сондай-ақ, медициналық емес ұйымдардың көліктерін тарта отырып, Corona такси қызметін пайдаланудағы шет елдердің тәжірибесі пысықталуда. Біз мұны ұсыныс ретінде ВАК-ұа жолдадық, менің ойымша, ол қолдау табады, - деді Цой.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: