Алматыда автобус пен Lexus соғысып, бала зардап шекті

zakon.kz zakon.kz
Қалалық полиция департаменті жол апаты 21 қазанда сағат 19:15 шамасында болғанын хабарлады.

Алматыда Lexus пен автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті жол апаты 21 қазанда сағат 19:15 шамасында болғанын хабарлады.

Lexus LX470 жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта және 590/1 ғимараты тұсында орта қатардан оң қатарға ойысқан кезде Yutong маркалы автобуспен соғысты.

ЖКО салдарынан Lexus жолаушысы 2020 жылы туған бала зардап шекті. Ол №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне қайтарылды. Іс Наурызбай ауданының ПБ-не берілді, дейді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз