Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда автобус апатынан 6 адам зардап шекті

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2018 22:39 www.inform.kz
Жол апаты болған кезде автобуста 40 жолаушы болған.

Қарағандыда №43 жолаушылар автобусы қалада келе жатып, жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен және түскен. Зардап шеккен 6 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД-нің мәлім етуінше, 9 қарашада Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында 23 жастағы бағдарлық автобус жүргізушісі Карл Маркс көшесімен келе жатып, жолдан шығып кеткен.

Автобус «жаяу жүргінші» жол белгісін басып өтіп, кюветке түсіп кеткен. Алдын ала дерек бойынша, жүргізуші рульді басқара алмай қалған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл №43 жолаушылар автобусы болған. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникаға түрлі жарақатпен 5 адам жеткізілген. Қазір қажетті тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жол апаты болған кезде автобуста 40 жолаушы болған.

Полиция департаментінің түсіндіруінше, жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 2-бөлігі 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: