Тікелей эфирде "бесит уже" деген шенеунік қатаң сөгіс алды

gov.kz gov.kz
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев бұл сөз бірнеше рет айтылғанын айтты.

Оралдық шенеунік онлайн режимдегі жиналыс кезінде айтып қалған дөрекі сөзі үшін жазаланды, деп хабарлайды zakon.kz.

БҚО әкімінің орынбасары, мемлекеттік басқарма басшылары, сондай-ақ жеке ұйымдар өкілдері қатысқан бейнеконференция 16 тамызда өткен екен.

Кейінірек, 22 қазанда Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында бұл іс қаралды.

"Мой город" басылымы жазғандай, шенеунік "Бесит уже" деген сөзді айтқанын мойындады, бірақ мұны бейнеконференция қатысушыларына арнамап едім, деді ол.

БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисенғали Хайруллин алты ай бойы үш адамның жұмысын бір өзі атқарғанын мәлімдеді. Ведомство басшысы жұмыстан шығып, ал екінші орынбасары жүрегіне ота жасатып, ауруханада жатқан екен.

Мен басшы міндетін атқардым. Бұл сөздерді өзіне айтылды деп қабылдаған ЖШС өкілдері маған шағымданды, бірақ олай емес. Жалпы, бұл ұйыммен бізде 10 ай бойы сот ісі жүріп жатыр. Сол конференция барысында дыбыс болмай, біз 15 минут бойы қосыла алмадық, басқа кабинетке баруға тура келді, мен өз қызметкерлеріме наразылық білдіріп, осы сөздерді айттым, - деді ол.

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев бұл сөз бірнеше рет айтылғанын айтты.

Бір минут ішінде сіз бұл сөзді төрт рет айттыңыз, облыс әкімінің орынбасары сізге ескерту жасады. Сөздер байланыс барысындағы ақаулықтар кезінде емес, сөйлеп болғаннан кейін айтылды. Біз бұл сөздердің кімге бағытталғанын білмейміз. Сіз "Бесит уже на" деп сөйлемді аяқтаған жоқсыз. Сөзіңіз жазылып жатқанда бұлай сөйлесеңіз, жазылмайтын кезде өзіңізді қалай ұстайсыз? Әдеп қарым-қатынастарын сақтауыңызды сұраймын. Жасыңыз алпыста, өзіңіз білуіңіз керек, менің сізге бұл туралы айтуымның өзі ыңғайсыз, - деп ашуланды Тұрсынбаев.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз