Бейәдеп сөз айтқан Щучье әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Бейәдеп сөз айтқан Щучье әкіміне қатаң сөгіс жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 00:47 Сурет: Instagram/olzhas_nurmagambetov01
Instagram-дағы тікелей эфирде қала тұрғындарын балағаттаған Щучье әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Нұрмағамбетовтың этикаға жат әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Әрине, қызметтік тексеріс жүргізіліп, аталған ақпараттың шындыққа жанасатыны анықталды. Оның үстіне ол қателігін мойындады. Оған тәртіптік жаза яғни, қатаң сөгіс жарияланды", - деді Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова. 

2 тамызда Олжас Нұрмағамбетовтың жүргізген тікелей эфирі үлкен дау-дамайға айналды. Қала әкіміне сұрақтары және ұсыныстарымен жүгінген Щучье қаласының ондаған тұрғыны сол күйі ешқандай жауап ала алмады. Қала басшысы қойылған сұрақтарға жауап берудің орнына қоштасып, тікелей эфирден шығып кеткен. Бірақ микрофон сол күйі қосулы қалған болып шықты. Кадрдан тыс әкім қала тұрғындарына қатысты дөрекі сөз айтқаны белгілі болды. 

Көптеген сыннан кейін Нұрмағамбетов тағы да ел алдына шығып, болған оқиғаны теріске шығарып үндеу жасады. Ол эфир барысында да, одан кейін де "Щучье қаласының атына жағымсыз, тіпті жәй жаман сөздер де айтылмағанын" мәлімдеді. Ал Бурабай ауданының әкімдігі аудитория тарапынан мүлде сұрақтар түспегенін айтып ақталды. Соған қарамастан ведомство қала әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталғанын атап өтті.

6 тамызда даулы баяндаманың толық нұсқасын Олжас Нұрмағамбетов Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: