Жаңалықтар тізбегі
0

Щучье қаласының әкімі даулы видеосының толық нұсқасын жариялады

Олжас Нұрмағамбетов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 20:52 Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде 2023 жылдың 6 тамызында Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың даулы видеосының толық нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 тамызда Олжас Нұрмағамбетовтың жүргізген тікелей эфирі үлкен дау-дамайға айналды. Қала әкіміне сұрақтары және ұсыныстарымен жүгінген Щучье қаласының ондаған тұрғыны сол күйі ешқандай жауап ала алмады. Қала басшысы қойылған сұрақтарға жауап берудің орнына қоштасып, тікелей эфирден шығып кеткен. Бірақ микрофон сол күйі қосулы қалған болып шықты. Кадрдан тыс әкім қала тұрғындарына қатысты дөрекі сөз айтқаны белгілі болды. 

Көптеген сыннан кейін Нұрмағамбетов тағы да ел алдына шығып, болған оқиғаны теріске шығарып үндеу жасады. Ол эфир барысында да, одан кейін де "Щучье қаласының атына жағымсыз, тіпті жәй жаман сөздер де айтылмағанын" мәлімдеді. Ал Бурабай ауданының әкімдігі аудитория тарапынан мүлде сұрақтар түспегенін айтып ақталды. Соған қарамастан ведомство қала әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталғанын атап өтті.

6 тамызда даулы баяндаманың толық нұсқасын Олжас Нұрмағамбетов Instagram-дағы парақшасында бөлісті.


"02.08.2023 жылы. Тікелей эфирдің толық видеосы. Бұл бейнежазбада тұрғындардың атына әдепсіз (ұятсыз) жазылған бір де бір сөз жоқ. "... өзінің парақшасын бір жеріне тығып қойсын" деген сөздер үшін кешірім сұраймын. Міне, эфир осылай өтті, құрметті достар", делінген әкім жазбасында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: