Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметінен босатылды

Кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 21:35 Сурет: primeminister.kz
Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметін аяқтағанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, ақтөбеліктерге алғысын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін мен сіздермен Ақтөбе қаласының әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтағаным жайында және орталыққа басқа жұмысқа ауысатыным туралы жаңалығыммен бөлісіп отырмын.Туған қалам - Ақтөбеме қызмет қылу - мен үшін биік мәртебе, зор жауапкершілік, үлкен тәжірибе мектебі болды. Өңір басшысы Ералы Лұқпанұлына, барлық әріптестерге ризашылығымды білдіремін. Қолдау көрсеткен барша Ақтөбе халқына алғысым шексіз", деп жазды Мұрат Жөребеков желіде.

Сондай-ақ ол уақыттың бір орнында тұрмайтынын, әлі-ақ өңір халқымен бірлесіп бастаған жұмыстар қаланың дамуына оң әсер беретініне сенім білдірді.


"Арайлы Ақтөбемді еліміздің сәулетті шаһарларының қатарынан көретініме күмән жоқ. Қадірлі жерлестер! Мен үшін сіздердің алғыстарыңыздан артық бата жоқ. Ендігі жерде жаңа қызметте елімнің дамуына еңбек етуді жалғастыра беремін. Арайлы Ақтөбені, оның асыл азаматтарын әркез биік тұтамын. Жақсы күндерде жолығайық, ағайын! Елдің бірлігі мәңгілік болғай!", деп сөзін түйіндейді ол.

Айта кетсек, Мұрат Жөребеков 2023 жылы қаңтар айында Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. Оған дейін ол ҚР Энергетика вице-министрі лауазымында болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: