Мұрат Жөребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен, ҚР Президент әкімшілігі және қала мәслихатының келісімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Мұрат Жөребеков тағайындалды.
Шаһардың жаңа әкімін қала активіне өңір басшысы таныстырды.
Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.
Әр жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ, Лондон қаласындағы "Аджип ККО" компаниясында, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС-да жұмыс істеді.
2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР бірінші энергетика вице-министрі болған.