Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 03:00 gov.kz
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері оқиға орнына тексеріп жатыр.

Қызылордада бір ай бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ер адам қыркүйектің басында автокөлігімен Нұр-Сұлтанға шығып, сол күйі жоғалып кеткен еді. Адам жоғалу фактісіне сәйкес, 12 қыркүйекте ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қылмыстық іс аясында жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД қызметкерлері, Ұлттық Ұлан сарбаздары, жоғалған азаматтың туыстары, достары мен еріктілер бірнеше мобильді топтарды тарта отырып, жоғалған адамды іздеу бойынша жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Іздеуге арнайы техника мен тікұшақ жұмылдырылды, - деп хабарлады полицейлер.

Нәтижесінде 19 қазанда "Қызылорда – Жезқазған" тас жолының 128 шақырымында жеңіл автокөлік пен із-түзсіз жоғалған ер адамға тиесілі жеке заттар табылды.

22 қазанда "Қызылорда – Жезқазған" трассасының аумағын аралау кезінде батысқа қарай 30-40 шақырым жерден белгісіз азаматтың денесі табылды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері оқиға орнына тексеріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: