Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық жедел жәрдем қызметкерлерінің Тоқаевқа жолдаған үндеуіне жауап берілді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2021 17:48 Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Үндеуде ұйымда күрделі жағдай қалыптасқаны айтылған.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жолдап, өз құқықтарын қорғауды сұрағаны туралы ақпарат жарияланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Үндеуде ұйымда күрделі жағдай қалыптасқаны айтылған. Соңғы екі жылда төрт басшы ауысып, бұл жұмысқа кері әсерін тигізген делінеді. Жедел жәрдем жүргізушілері көліктерді өз ақшасына жөндеуге мәжбүр көрінеді. Сонымен қатар, үндеу авторлары кадрлардың ауыс-түйісі мен тәжірибелі мамандардың кетіп жатқанына да кеңінен тоқталады.

Олардың айтуынша, мемлекеттік органдарға жолданған шағымдарынан нәтиже жоқ, енді олар заңдылығы жағынан күмәнді кезектен тыс аттестаттау кезінде өздерін жұмыстан шығарып жібереді ме деп қорқады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға жолданған шағымға қол қойған 80 адамның үштен екісі бүгіндері жұмыстан шығарып жібереді ме деген қауіппен одан бас тартуға мәжбүр болғаны да атап өтіледі.

Үндеу авторларының пікірінше, Мемлекет басшысы араласпаса, Алматыдағы жедел жәрдемнің қызмет сапасы төмендей береді.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған шағымның шындыққа жанаспайтынын айтып, үндеуге жауап қатты.

Автокөліктерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді ЖМКҚ-ның көлік жөндеу шеберханасы жүзеге асырады. Мәселен, 2019 жылы 142 миллион теңгеден астам сомаға, 2020 жылы 140 миллион теңгеге, 2021 жылдың тоғыз айында 49 миллион теңгеге қосалқы бөлшектер ауыстырылды. Сонымен қатар, қолданыстағы көліктердің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, - дейді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының (ҚДБ) баспасөз қызметі.

Жедел медициналық көмек қызметінің (ЖМКҚ) барлық бригадалары толықтай қамсыздандырылған, кадрлардың ағылып кетуі деген жоқ.

Жұмысшылар саны штат кестесіне сәйкес, 3 583 адамды құрайды. Соның ішінде, дәрігерлер - 362, орташа біліктегі медицина қызметкерлері (фельдшерлер) - 1 899, медбикелер - 220, көлік жүргізушілері - 922, басқа да жұмысшылар - 180. 2019 жылмен салыстырғанда 265 ставкаға қысқарту жүргізілді, бұл денсаулық сақтаудың басқа субъектілеріндегі қызмет көрсету функциясының алынып тасталуымен байланысты әкімшілік-басқару және басқа да персоналдарды оңтайландыру есебінен жүзеге асырылды, - дейді Алматы қалалық ҚДБ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мәтінде 2021 жылға "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ЖМКҚ-мен 7,4 миллиард теңгеге келісімшартқа отырғаны айтылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы Жарлығына сәйкес, ЖМКҚ дәрігерлерінің жалақысы 30%-ға, медбикелердің жалақысы 20%-ға өсті. Еңбекақы төлеу жағынан ешқандай кідіріс жоқ.

ЖМКҚ қызметкерлерінің барлық өтініштері бойынша тиісті тексерулер жүргізілді. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігінің бақылауына алып, олар мұқият тексеру жүргізді. 2021 жылы 21 қазанда Денсаулық сақтау вице-министрі Нүсіпов А.Б. және ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметкерлермен кездесіп, ЖМКҚ жағдайымен сол жерде танысты. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайға объективті талдау жүргізуде, оның нәтижелері бойынша ЖМКҚ қызметі мен моральдық-психологиялық ауанды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілетін болады. Сонымен қатар, жоғарыда келтірілген дәлелдердің барлығы "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясымен, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің еңбек инспекторымен тексеріліп, атап көрсетілген шағымдар расталмады, - дейді Алматы ҚДБ баспасөз қызметі.

Басқарма басшылығы немесе басқа мемлекеттік органдар тарапынан ЖМКҚ қызметкерлеріне қысым жасалмағаны, ондай жайт мүлде болмағаны айтылады. 77 адамнан тұратын ұжымдық үндеуге қол қойғандардың 65-і үндеу мәтінімен таныс болмағандықтан өз еркімен оған қол қоюдан бас тартты.

ЖМКҚ директорының құқық қорғау органдары көмегіне жүгінуі оның азаматтық құқығы болып табылады, өйткені оның қызметке тағайындалуының заңсыздығы туралы дәйектер шындыққа сәйкес келмейді.
Аттестациялау жайына келсек, ЖМКҚ әкімшілігі мен екі кәсіподақ ұйымы арасында 2020 жылдың 13 мамырында 2023 жылдың 25 ақпанына дейін жарамды үшжақты Ұжымдық шарт тіркеліп, бекітілді. Оған және аттестаттау туралы ережеге сәйкес, ЖМКҚ қызметкерлері жылына бір рет аттестациядан өтеді, - дейді Алматы қалалық ҚДБ баспасөз қызметі.

2021 жылы 6 қыркүйекте жүргізушілер құрамының аттестациясы өтті (877 адам), ал 88 жүргізуші 6 қазаннан бастап қайта аттестаттауға жіберілді. Қайта аттестациялау процесі әлі аяқталған жоқ.

Өкінішке қарай, біз ЖМКҚ жұмысшыларының қалың бұқара алдындағы сөздерін (жүргізушілер Е.Қ. және Ш.А., фельдшер Т.Ж.) Алматы тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасының нашарлауына әкеліп соқтыруы ықтимал ұйымдағы жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті деп бағалауға болатынын айтуға мәжбүрміз. Сонымен қатар, бұл адамдар еңбек тәртібін бұзушылар болып табылады, Еңбек туралы заңға сәйкес қолданылатын тәртіптік жазалар бар, - деді Алматы ҚДБ баспасөз қызметі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлерінің құқықтарын, ар-намысы мен абыройын қорғау мәселесінде принципті ұстаным ұстанатыны және дауласушы тараптардың барлығын заңнамалық және қолданыстағы заңнама шеңберінде мәселелерді шешуге шақыратыны айтылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: