Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанның жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

Нұр-Сұлтан қаласы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 15:20 Сурет: Александр Куприенко
Әкімдік медицина қызметкерлерінің жалақысын жүйелі деңгейде өсіріп, жоғары білім алуға жыл сайын гранттар бөледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық орталықтар мен жедел медициналық жәрдем станциясын жүйелі түрде жабдықтау жұмысы жүріп жатыр. Жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркіне тағы 55 автокөлік қосылды. Олардың басым бөлігі – реанимобильдер, делінген елорда әкімдігінің сайтында.

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 15:20

Сурет: Александр Куприенко

Осыған дейін 100-ден аса автокөлік тапсырылған. Осылайша, автопарк айтарлықтай модернизацияланып, машиналар саны артты. Арнайы автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған: өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор-мониторлар, электрлі сорғыштар, жедел медициналық көмек көрсету үшін реанимациялық құрылғылары бар жиынтықтар (электрокардиограф) және т.б. Алтай Көлгінов

Жедел жәрдем қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 15:20

Сурет: Александр Куприенко

Әкім Мемлекет басшысы медицина саласын дамытуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға, жедел медициналық көмек қызметін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен толық жабдықталды, 40 «үй жанындағы дәрігер» нысаны (олардың 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылды, бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізілді, 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша тиісті жобалар іске асып жатыр. Алтай Көлгінов

Мемлекеттік тапсырыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 15:20

Сурет: Александр Куприенко

Сол сияқты жергілікті билік «Жағалау-3» және «Нұрлы жол» вокзалы аумағында амбулаторлы-емханалық кешен, Көктал-1, Пригородный, Тельман және т.б. елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарының құрылысын жоспарлап отыр. Сондай-ақ әкімдік медицина қызметкерлерінің жалақысы жүйелі деңгейде өсіріп, жоғары білім алуға жыл сайын гранттар бөледі.

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 15:20

Сурет: Александр Куприенко

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: