Бас көтерушілер жедел жәрдем көліктерінің жұмысына кедергі келтіруде

Наразылық акциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2022 16:03 Сурет: Zakon.kz
Сондай-ақ олар медицина қызметкерлеріне зиян келтіріп, әлеуметтік нысандарды да бүлдіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, агрессивті азаматтар мегаполистің емханалары мен ауруханаларына баса-көктеп кіріп, медициналық мекемелердің мүліктері мен жабдықтарына зиян келтіруде.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан жедел жәрдемнің бес қызметкері, оның ішінде екі жүргізуші мен үш медицина қызметкері зардап шекті. Зардап шеккендер қалалық стационарларға жеткізілді. Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы

Сонымен қатар, екі жедел жәрдем көлігі талқандалды, Қалалық кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлмесі мен клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің әйнектері сынған.

Алмалы ауданындағы Алғашқы медициналық көмек көрсету қызметі ғимаратында вандализм актісі тіркелді.

Наурызбай ауданында №7 ҚКА қабылдау бөлмесіне жедел жәрдем көлігі жете алмай жатыр, жол жабық.

Сонымен қатар, деструктивті әрекеттерді жақтаушылар жедел жәрдем көлігін тоқтатып, балаларды ауруханаларға жатқызуға жол бермеуде.

Бұл әрекеттер науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіріп, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: