Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ қыздары ақша үшін қытайларға бала туып жүр

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 02:49 Pixabay
Қазақ қыздарының аналық ұрық жасушаларына сұраныс жоғары деседі.

Instagram-дағы ірі пабликтерде хабарлама жиі шығып тұрады. Жасы 28-ге дейін, бала туған, сүйкімді, толық емес, қазақтың қыздарына сұраныс жоғары. Хабарлама беруші компаниялар суррогат ана болуға қажетті әйелдерді іздеп жатады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бәріне қойылатын талап бір.

Өткен жылы 13 мың долларға бола қытайлық жұпқа бала туып берген Қазақстан азаматы туралы ақпарат шықты, деп еске салады Telegram-дағы каналдардың бірі. 28 жастағы қазақстандық суррогат ана қызметін көрсеткен. Баланы жасанды жолмен ұрықтандыру үшін ол әйел Камбоджаға барған. Ұрық әйелдің жатырына салынған соң, Ресейге келген. Келісім бойынша айы-күні жетіп босанған кезде баланың биологиялық ата-анасы келіп алып кетуі керек еді. Алайда пандемияға байланысты шекара жабылып, олар келе алмаған. Ал қазақстандық болса, баланы туған соң сенімхат бойынша суррогат ана болуды сүйемелдеу орталығының басшысына берген. Баланы Ресейде қалдырып, өзі Қазақстанға қайтып келді. 2020 жылдың аяғында әйел ұсталды. Онымен бірге Қытай азаматтарына бала туып берген тағы екі суррогат ана қолға түсті. Екеуі де Қазақстан азаматы. Бұлар Ресейдегі сәби саудасы ісіндегі алғашқы айыпталушылар болып отыр. Қазір әйелдердң жүктілігін жүргізген репродуктивті орталықтың басшылары мен перзентхана қызметкерлерінен тұратын 10 шақты адамға қатысты қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Белгілі болғандай заңсыз жолмен 20 сәби дүниеге келген. Барлығы да қытайлар.

Қазақстанда суррогат ана болуға 1998 жылдан бастап рұқсат етілген. Суррогат ана мен ата-ана болғысы келетін жұптың арасындағы қарым-қатынас заңмен реттелген. Жалпы, Қазақстан - суррогат ана саласындағы либералдық заңнамасы бар аз елдердің бірі саналады. Себебі баланы тапсырыспен көтерген әйелдің өзі туған балаға ешқандай құқығы жоқ. Яғни, бала туысымен генетикалық анасы ресми түрде баланың анасы ретінде жазылады. Ал оны босанған суррогат ананың оған еш қатысы жоқ деп танылады.

Әлбетте, суррогат ана бола ма, оған қанша ақша алатыны әркімнің өз еркі. Алайда ескеретін бір мәселе бар. Қазақ қоғамы Қытай десе өре түрегеледі. Синафибия өршіп тұрғанда өз қазағымыздың ақша үшін олардың санын көбейтіп жатқаны ақылға сыймайды. Қоғам мен билік бұл мәселеге назар аударуы тиіс. Бір қазақтың балалы болуына септігін тигізсе бір сәрі. Шекарамыздың арғы бетінен ұлтымыз үшін қауіп төндіріп тұрған қытайларды көбейтіп жатыр. Қазақтарға ақша үшін жатырын жалға беруге тыйым салмасақ, ертең солардан туған баладан опық жеуіміз мүмкін.

Ойланатын дүние.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: