Қазақстан "штрафстан" мен "камераcтан" болып барады 

Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының әкімдігі
Жыл басынан бері электроника 22 млрд 055 млн теңге айыппұл салды.

Қазір елде жол ережесін бұзу дерегінің 44%-ы камера арқылы анықталады. Жыл басталғалы ережені елемегендерге жалпы сомасы 22 млрд 055 млн теңге (19 млрд теңге төленген) болатын 2 млн 250 мың хаттама жолданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Брифингте сөз сөйлеген ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов қазір елдегі жолдарға ереже бұзылған сәтті тіркейтін 13 мыңнан аса құрылғы орнатылғанын және олардың автоматты режимде жұмыс істейтінін хабарлады, деп жазады kolesa.kz.

"Полиция департаменті апат болған жерлерді талдап, анағұрлым қауіпті жол бөліктерін анықтады. Зерттеу нәтижесі бойынша жергілікті атқару органдарына бейнекамера желісін кеңейту жөнінде ұсыныс айтылды. Камерамен келісуге не оны алдауға болмайтынын бәрі біледі. Осылайша, автоматты камера орнату көлік жүргізу мәдениетін арттыруға ықпал етеді, ал жол қозғалысына қатысушылар желікпе жүргізушілерден қорғалады. Сондықтан цифрлы бақылауды әрі қарай дамытудан біз жазалау емес, профилактикалық және тежеу әсерін күтеміз", — деді шенді.

Оның айтуынша, ереже бұзған басқа тұрғындарды полицейлер анықтап, электронды планшет көмегімен хаттама толтырған.

Еске салайық, жуырда Алматы облысында 130 бейнетіркеу кешені іске қосылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз