Павлодардағы жаппай төбелес пышақтаумен аяқталды

Pixabay Pixabay
Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Павлодар тұрғыны өзіне ескерту айтқан қала тұрғындарын пышақтап тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 24 қазан күні сағат 01:30 шамасында Павлов көшесі бойындағы көпқабатты үйдің жанында ішімдік ішкен азаматтар қала тыныштығын бұзған.

Осы үйде тұратын ер адам досымен бірге шығып, жігіттерге ескерту жасапты. Содан кейін жігіттер мен үй тұрғындарының арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан, жанжал барысында осы үйде тұратын екі жігіт пышақ жарақатын алған. Екі жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106- бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз